Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
60 кг-ға дейінгі салмақта Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов қола жүлде үшін белдесті. Бұл жекпе-жекте Талғат Орынбасар Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты жығып, үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар Тәжікстанның астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасындағы гран-при турнирінде қазақстандық спортшылар 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл жарысқа 19 елден 227 балуан қатысты.
Мазмұнға өту
