Сурет: ҚТЖ
Қазақстан теміржолы 1 қазаннан бастап жолаушылар пойыздарының билеттеріне 10% жеңілдік жасады. Жеңілдік 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламаға сәйкес, жеңілдік ұлттық тасымалдаушының барлық вагон түрлеріне және қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Жолаушылар күзгі-қысқы маусымда теміржол сапарларын арзандатылған бағамен жоспарлай алады.
«Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде теміржол арқылы сапарларын төмендетілген бағамен жоспарлай алады», делінген хабарламада.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады.
Бұған дейін Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалғаны еске саламыз.
