Спорт

Самбодан әлем чемпионатында Қазақстаннан кімдер сынға түседі

Сурет: Egemen Qazaqstan

6–8 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте самбодан 50-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үш күнге созылатын додада үш бағдарлама бойынша 33 жүлде жиынтығы сарапқа салынады: спорттық самбо (ерлер, әйелдер) – 14 салмақта, жауынгерлік самбо (ерлер, әйелдер) – 14 салмақта, көру қабілеті нашар азаматтар арасында – 5 салмақта.

Чемпионатқа қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы:

Спорттық самбо, ерлер: 58 кг – Армат Қабдолов, 64 кг – Жандос Бейсенбаев, 71 кг – Арнұр Қуатай, 79 кг – Еркебұлан Негметов, 88 кг – Нұрбол Серіков, 98 кг – Нұрымжан Ғаббасов, +98 кг – Болат Сапар.

Спорттық самбо, әйелдер: 50 кг – Айжан Жылқыбаева, 54 кг – Гүлдана Әлмұханбетова, 59 кг – Гүлзира Құдасбек, 65 кг – Аружан Сәтова, 72 кг – Анель Қайратқызы, 80 кг – Мадина Ержан, +80 кг – Арайлым Әбенова.

Жауынгерлік самбо, ерлер: 58 кг – Арман Тұрымбетов, 64 кг – Шадияр Серік, 71 кг – Ниетхан Төлеухан, 79 кг – Санжар Нұрсейіт, 88 кг – Бақытжан Дүйсембеков, 98 кг – Райхан Мәди, +98 кг – Талғат Жиентаев.

Жауынгерлік самбо, әйелдер: 50 кг – Жадыра Пайыз, 54 кг – Гүлмайра Сагиданова, 59 кг – Маржан Бизақ, 65 кг – Арай Төлеубай, 72 кг – Аружан Әсемқамалқызы, 80 кг – Зәмзәгүл Файзолланова, +80 кг – Нурила Асанқызы.

Белдесулер Game Sports Arena кешенінде өтеді. Бүгінде жарысқа 60-тан астам мемлекеттен 400 спортшы тіркелген.

Көп оқылғандар