Спорт

Садулаев Астанадағы әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

97 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуде ресейлік еркін күрес шебері Абдулрашид Садулаев поляк балуаны Збигнев Барановскиймен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, Садулаев әлем біріншілігін қола медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, ширек финалда ресейлік балуан америкалық Кайл Снайдерге 4:4 есебімен жол берді. Соңғы нәтижелі әрекет бойынша жеңіс АҚШ өкіліне берілді. Снайдер финалға шыққан соң Садулаев жұбаныш белдесулері арқылы жүлдеге таласу мүмкіндігін алды. Бұл кезеңде ол түркиялық Алперен Токгёзді 7:3 есебімен жеңді.

Абдулрашид Садулаев – екі дүркін Олимпиада чемпионы. Енді ол әлем чемпионатының тағы бір медалімен жүлделер қорын толықтырды.

Көп оқылғандар