Сурет: ашық дереккөз
Астанада биылғы жылыту маусымы 2 қазанда басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жылу ең алдымен әлеуметтік нысандарға жеткізіледі. Олардың ішінде балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханалар бар.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 29 қыркүйекте Астана мен Қазақстанның тағы 4 өңірі жылыту маусымын осы аптаның соңына дейін бастайтынын айтқан болатын.
«Астана-Теплотранзит» компаниясы жылыту маусымына дайындығын растады. Компанияның мәлімдеуінше, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сонымен қатар жөндеу және желілерді жаңғырту жұмыстары аяқталған.
Синоптиктердің деректері бойынша, 1 қазанда Астанада күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтерілді. Түнде +6 градусқа дейін төмендейді. Қазан айында орташа температура климаттық нормадан шамамен 1 градус жоғары болып, +6 градус шамасында болады деп болжанған. Ай бойы ауа райының құбылмалы болуы күтіледі.
Айта кетейік, былтыр Астанада жылыту маусымы 2025 жылғы 28 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 22 сәуірде аяқталған.
Бұған дейін еліміздің бес өңірінде жылу берілетіні туралы жаздық.
