Спорт

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде төртінші орын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтті. Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ұйымдастырған жарыста жерлесіміз Богдан Вехов төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік турдың алтын медалін Нидерланд спортшысы Йенс ван’т Ваут жеңіп алды. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Рим Джон Гунге иеленсе, қола медаль жапониялық Сёго Миятаға бұйырды. Жаһандық турдың екінші кезеңі Канаданың Монреаль қаласында жалғасады.

Көп оқылғандар