Сурет: Жайық Пресс
Қарттар күні қарсаңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің сарбаздары Орал қаласындағы қарттар үйіне барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әскерилер мекеме тұрғындарын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ бөлім оркестрі оларға патриоттық және әскери әндерден концерт қойды.
«Ардагерлер – біздің байлығымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі мен үлгісі өскелең ұрпаққа маңызды. Мереке қарсаңында оларға құрмет көрсетіп, көңіл-күйлерін көтеру біз үшін маңызды», – деді 5517 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Бинур Рыскулов.
Ұлттық ұланда мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын және олар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, үлкендерге құрметпен қарауға бағытталғанын атап өтті.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
