Сурет: Жайық Пресс
Орал қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуді әскери полиция қызметкерлері қалалық полицияның жол-патрульдік қызметі өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды. Әскерилердің жұмыс күні профилактикалық тексеруден басталды: құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеке автокөліктерді, жүргізуші құжаттарын тексеріп, автомобильдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды.
Іс-шараның негізгі бөлігі акт залында жеке құраммен кездесу болды. Әскери қызметшілерге жол-көлік оқиғаларының ең көп таралған себептері, ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершілік және жолдағы жауапсыз мінез-құлықтың салдары туралы айтылды.
Аса назар алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруға аударылды. Көрнекілік үшін қатысушыларға осындай бұзушылықтардың нақты салдарлары бар бейнематериалдар көрсетілді. Кездесу барысында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан білікті жауаптар ала алды.
Ақпарат көзі: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Мазмұнға өту
