Сурет: report.az
Apple компаниясы нарықтық құны бойынша әлемдегі ең қымбат компания мәртебесін қайтарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
30 қазанда Apple-дің нарықтық капитализациясы 5,03 триллион долларға жетті. Чип өндіруші Nvidia компаниясының көрсеткіші 4,93 триллион доллар болды. Бұған дейін Apple шілде айының соңында Nvidia-дан озып кеткен болатын.
Bloomberg агенттігі Apple-дің көш бастауын инвесторлардың жасанды интеллект саласына салынатын қаржыға қатысты алаңдаушылығымен байланыстырады. Агенттік мәліметінше, инвесторлар iPhone өндірушісінің акцияларын сенімдірек салым деп есептейді.
Еске салайық, Apple жасанды интеллект қызметін Еуроодақ аумағында іске қоспайтын болды.
Мазмұнға өту
