Қаржы

Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болды

Сурет: sk.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды және жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында ол негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін қатаң ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, электр станцияларын белгіленген уақытта пайдалануға беруді тапсырды.

Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында еңбек етіп келеді. Бұған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, Жобалық кеңсенің жетекшісі және «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.

Көп оқылғандар