Спорт

Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

Қазақстандық грек-рим күресі шебері Мейіржан Шермаханбет Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті. Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді. Бұған дейін Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Көп оқылғандар