Басты тақырып

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллект – бүгінгі талап

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бүгінгі күннің талабы екенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қазақстанның цифрлық ел болуды мақсат етіп отырғанын, осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылып, Qazaq AI Research университеті ашылды. Қуаттылығы 1 ГигаВатт болатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы салынып жатыр. Екі суперкомпьютер іске қосылып, таяу арада үшінші өте қуатты суперкомпьютер жұмысын бастайды. Цифрлық кодекс және Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылданды.

«Елдеріміз жаппай цифрландыру мәселесімен белсенді түрде айналысып жатыр. Қазақстан цифрлық ел болуды мақсат етіп отыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыс істелуде. Биыл елімізде – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылды. Жасанды интеллект саласына қажетті мамандар даярлайтын Qazaq AI Research университеті ашылды. Қуаттылығы 1 ГигаВатт болатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылып жатыр. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Таяу арада үшінші өте қуатты суперкомпьютер өз жұмысын бастайды. Цифрлық кодекс, Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылданды», деді Президент.

Мемлекет басшысы қажет болса, бұл бағыттағы тәжірибені бауырлас елдермен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Ол биыл мамыр айында Түркістанда өткен басқосуда жасанды интеллект және цифрлық даму мәселесі талқыланғанын, қазір сол жиында көтерілген бірқатар маңызды бастаманың жүзеге асырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, жақында Қазақстан мен Әзербайжан арасында Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылғанын, бұл бірегей жобаның игілігін түркі мемлекеттері де көре алатынын атап өтті.

«Өздеріңізге жақсы белгілі, биыл мамыр айында Түркістанда өткен басқосуда жасанды интеллект және цифрлық даму мәселесін талқыладық. Қазір сол жиында көтерілген бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асырып жатырмыз. Бұдан бөлек, жақында Қазақстан мен Әзербайжан арасында Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. Осы бірегей жобаның игілігін түркі мемлекеттері де көре алады. Бұдан бөлек, әлі де жедел атқарылуға тиіс жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, Киберқауіпсіздік кеңесін, Цифрлық мониторинг және инновациялар орталықтарын құру бастамасын жүзеге асыруды тездеткен жөн. Бұл жобалар елдеріміздің цифрлық саладағы ынтымақтастығын нығайта түсетіні сөзсіз», деді Президент.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды.

Көп оқылғандар