Спорт

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 айналымында Тұран Байрамовты жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз енді ширек финалда Тәжікстан атынан белдесетін Виктор Рассадинмен кездеседі.

Бұған дейін Пётр Хребтовтың әлем чемпионатында үздік үштікке енгені хабарланған болатын.

Көп оқылғандар