Басты тақырып

Президент Куба мен Мароккодағы елшілерді тағайындады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Куба мен Марокко Корольдігіндегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына кірісті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Президент «Халықтық құрылыс» жобасының бюджетін бақылайтын комиссия құруды ұсынған болатын.

Көп оқылғандар