Сурет: Орман шаруашылығы комитеті
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында сирек кездесетін жыртқыш – сілеусін камераға түсірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың пікірінше, мұндай кадрлар орман экожүйесінде жабайы жануарлардың бар екенін дәлелдейтін маңызды дерек. Фототұзақтар мен бейнебақылау құрылғылары адамға сирек көрінетін аңдардың мінез-құлқы мен қозғалысын, мекен ету ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
«Ертіс орманы» қарағайлы ормандарымен және бай табиғи ортасымен ерекшеленеді. Мұндай табиғи мекендердің сақталуы сілеусін тәрізді сирек жыртқыштар үшін ғана емес, бүкіл экожүйенің тұрақтылығы үшін де маңызды.
Орман қалыңдығында тіршілік ететін сілеусіннің камераға түсуі табиғаттың әлі де ашылмаған құпиялары көп екенін көрсетеді. Бұл жабайы жануарлардың мекен ету ортасын қорғау және табиғи тепе-теңдікті сақтау қажеттігін тағы бір еске салады.
Мазмұнға өту
