Жайық news

Коммуналдық мүлікті тиімді басқару облыстық бюджет кірісін арттырды

Батыс Қазақстан облысында 2023–2025 жылдары коммуналдық меншікті тиімді басқару, мемлекеттік активтерді экономикалық айналымға тарту және бюджет кірістерін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Үш жыл ішінде мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден облыстық бюджетке **550,8 млн теңге** түсті. Оның ішінде 2023 жылы – 157,9 млн теңге, 2024 жылы – 177,6 млн теңге, ал 2025 жылы – 215,3 млн теңге. Осылайша, аталған бағыт бойынша түсім көлемі жыл сайын өсіп отыр.

Сонымен қатар, пайдаланылмай тұрған және экономикалық айналымға тартуға жататын мемлекеттік мүлік нысандары аукцион арқылы сатылды. 2023–2025 жылдардағы және 2026 жылға өткен объектілерді қоса есептегенде, өткізілген мүліктің жалпы сомасы **136,8 млн теңгені** құрады.

Бұдан бөлек, 2023–2025 жылдардағы қызмет қорытындысы бойынша облыстық бюджетке **433 млн теңге таза кіріс** аударылды. Бұл көрсеткіш те оң динамиканы көрсетіп отыр: 2023 жылы – 99,7 млн теңге, 2024 жылы – 141,4 млн теңге, 2025 жылы – 191,9 млн теңге.

Аталған нәтижелер коммуналдық активтерді тиімді пайдалану, бос тұрған мүлікті айналымға енгізу және облыстық бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Көп оқылғандар