Спорт

Рыбакина жарақатына байланысты Токио турнирінен шықты

Сурет: ашық дереккөз

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы WTA 500 турнирінің ширек финалына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мәлімдеді. Ширек финалда ол канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі тиіс еді.

«Елена Рыбакина жарақатына байланысты турнирден шыққаннан кейін Лейла Фернандес Токиодағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Рыбакина турнирде Юлия Путинцевадан басым түскен болатын.

Көп оқылғандар