Жайық news

Ақжайық ауданында заңсыз жазулар мен граффити жойылды

Сурет: Жайық Пресс

Полицейлер ауылдық елді мекендерді аралап, ғимараттар мен тұрғын үйлердің қабырғаларындағы заңсыз жазуларды анықтауды жалғастыруда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақжайық ауданының ауылдарын аралау кезінде тәртіп сақшылары бір елді мекенде вагончиктер мен тұрғын үйлердің қабырғаларына бояумен салынған жазулар мен суреттерді тапты. Бір жағдайда суреттер тұрғын үйдің жанындағы вагончиктен, екіншісінде тұрғын үй қабырғасына қашалып жазылған жазудан байқалды. Тағы бір жағдайда терезе орнына орнатылған ағаш тақтайға да бояумен жазу түсірілген.

Полицейлер үй иелерімен және жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, елді мекендер мен жеке меншік нысандардың тазалығы мен тиісті сыртқы келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Нәтижесінде үй иелері заңсыз жазулар мен суреттерді өз бетінше жойып, бүлінген жерлерді ақтап, бояп, тиісті күйге келтірді.

Мұндай іс-шаралар елді мекендердің эстетикалық келбетін сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қоршаған орта жағдайына жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Көп оқылғандар