Қоғам

Астанада «Құрметті педагог» атағына лайықты ұстаздар анықталды

Сурет: gov.kz

Астана қаласының «Құрметті педагогы» атағына лайықты мамандар белгілі болды. Комиссия отырысының шешімімен жеңімпаз ұстаздар анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған атаққа ие болғандар:

  • Алима Қанатқызы Бөлебаева – Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  • Дариға Асқарқызы Жарасбаева – Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
  • Гүлмира Нұрғазықызы Оспанова – Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі;
  • Бақытхан Сейтханқызы Нүкебаева – Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Балымкүл Дайрашқызы Асқарбекова – Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, математика пәнінің мұғалімі.

Көп оқылғандар