Жайық news

Оралда автобус өртеніп, аялдама шатырына тарады

Сурет: 112 кз

Орал қаласында маршруттық автобус өртеніп, өрт дүкенмен жапсарлас аялдама кешенінің шатырына жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай бірнеше сағат бұрын Зачаганск шағынауданында, Жұмағалиев көшесінде тіркелді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, №2 бағыттағы жолаушылар автобусы «Салтанат» павильоны маңындағы аялдамадан өткен соң тұтанған. Жалын көлікті толық қамтып, кейін дүкенмен жапсарлас аялдама кешенінің шатырына ауысқан.

Автобус ішіндегі жолаушылар уақытында сыртқа шыққан. Аялдамадағы адамдар да қауіпсіз жерге кеткен.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде автобустың жалындап жанып жатқаны және оттың дүкенмен жапсарлас автобус аялдамасының шатырына тарағаны анықталды. Өрт аумағы шамамен 6 шаршы метр болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты.

Көп оқылғандар