Сурет: ҚКФ
Еркін күрестен 57 келі салмақта белдескен қазақ балуаны Мейрамбек Қартбай Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жұбаныш кезеңінде ол Моңғолия өкілі Монх-Эрдэнэ Батхуягпен кездесіп, 10:8 есебімен жеңіліс тапты.
Бұған дейін Қартбай бірінші айналымда мексикалық Роман Браво-Янгтан 2:5 есебімен ұтылған еді. Алайда қарсыласының финалға шығуы оған жұбаныш белдесуіне қатысуға жол ашқан болатын.
Мазмұнға өту
