Сурет: ҰОК
Азия ойындары барысында спортшы Аяна Болатбекқызының допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ITA мәліметінше, спортшыдан алынған сынама 2026 жылғы 27 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласында өткен жарыс кезінде антидопингтік бақылау аясында жиналған.
Спортшының қанынан бұлшықет күшін арттыратын синтетикалық анаболикалық стероид – дростанолон анықталған. Заттың табылғаны белгілі болғаннан кейін спортшы жарыстан уақытша шеттетілген.
Аяна Болатбекқызы уақытша шеттету туралы шешімге Спорттық арбитраж сотының Антидопинг бөліміне (CAS ADD) шағымдануға және В сынамасын тексеруді талап етуге құқылы.
Айта кетейік, Аяна Болатбекқызы орта қашықтыққа жүгіруге маманданған. Жапонияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 1500 метрге жүгіру жарысына қатысып, финалға шыққан. Финалда 11 спортшының арасында 10-орын иеленген.
Айта кетейік, бұған дейін жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен иеленген алтын медалінен айырылған еді.
