Спорт

Софья Самоделкина Канададағы Гран-приде топ-5-ке кірді

Сурет: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Самоделкина төрешілерден 71,84 ұпай жинап, қазіргі уақытта бесінші орында келеді.

Жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), үшінші орында эстониялық Нина Петрыкина (77,24).

Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.

Еске салайық, Софья Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында үшінші орынды жеңіп алған болатын.

Көп оқылғандар