Сурет: Pexels
Танзания туымен жүзген As Dream сауда кемесі суға батып, Кипрдің құтқару қызметтері экипаждың 10 мүшесін эвакуациялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТАСС мәліметінше, оқиға 30 қазанда Пафос қаласынан батысқа қарай 90 теңіз милі қашықтықта болған. Кеме бортында 10 теңізші болған.
«Кемеде 10 экипаж мүшесі болған. Құтқарылғандардың барлығы алдымен MSC Hannah III жүк кемесіне жеткізілді. Кейін оларды порт және теңіз полициясының Pentadaktylos катері Лимасол портына алып келді», делінген хабарламада.
Медициналық тексеруден өткен құтқарылғандардың денсаулық жағдайы дәрігерлер тарапынан жақсы деп бағаланып отыр.
Құтқару операциясына Кипр Ұлттық гвардиясының тікұшағы мен жағалау күзетінің патрульдік катері де жұмылдырылған.
Еске салайық, бұған дейін Индонезия жағалауындағы Ява теңізінде жолаушылар тасымалдайтын Virgo Transport 8 паромы суға батқан, кемеде барлығы 243 адам болған.
Мазмұнға өту
