Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі үш лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын. Ал Қорғаныс министрі болып Айдос Мырзахметов тағайындалды.
