Әлем

Бурятияда адамға қауіп төндірген 330-дан астам аю ауланды

Сурет: Report

Бурятияда елді мекендерге жақындап, адамдарға қауіп төндірген 330-дан астам аю ауланды. Бұл туралы Бурятияның Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, адамдарға қауіп төндірген 331 аюдың саны реттелді. Бурятияда аюлардың елді мекендерге шығу жағдайы әлі де күрделі. Бурприроднадзорға күніне аюлардың елді мекендерге шыққаны туралы шамамен 15-20 хабарлама түседі.

«Адамдарға қауіп төндірген 331 аюдың саны реттелді. Бурятияда аюлардың елді мекендерге шығу жағдайы әлі де күрделі. Бурприроднадзорға күніне аюлардың елді мекендерге шыққаны туралы шамамен 15-20 хабарлама түседі», делінген ведомство хабарламасында.

Әрбір хабарлама бойынша мемлекеттік аңшылық инспекторлары аңшылармен бірге оқиға орнына барып, аумақты тексереді. Бұл жұмыстарға барлығы 81 аңшыдан құралған 24 бригада жұмылдырылған.

«Бригадалар аюлардың елді мекендерге шыққаны туралы әр хабарламаны тексереді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда аюларды ату туралы шешім қабылданады. Бірнеше рет аю шыққан аумақтарға ерекше назар аударылады», деді Бурприроднадзордың бөлім басшысы Денис Крылов.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысындағы Сарыөзек ауылына қонжық кіріп кеткен болатын.

Көп оқылғандар