Жайық news

Оралда әкімдік бөлімі бәсекелестік заңнамасын бұзды

Сурет: Жайық Пресс

Орал қаласының прокуратурасы жүргізген талдау жергілікті атқарушы орган тарапынан бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы тегін әзірлеу туралы меморандумдар жасасқан. Бұл жобалар кейіннен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған, аталған әрекеттер бәсекелестікке қарсы әрекеттерге әкеп соқты.

Жіберілген бұзушылықтар үшін Орал қаласы әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 648 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл толық көлемінде өндірілді.

Прокуратура органдары бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Көп оқылғандар