Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараеваға (WTA рейтингінде 118-орын) есе жіберді. Үш сетке созылған тартыста қарсылас 3:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша Рыбакина Бейжің турниріндегі былтырғы нәтижесін қайталай алмады. Дегенмен бұл жеңіліс әзірге оның әлемдік рейтингтегі бірінші орнына әсер етпейді.
Отандасымыздың алдағы жарыстар кестесі:
- Ухань WTA 1000 — 12–19 қазан;
- Нинбо WTA 500 — 19–26 қазан;
- Токио WTA 500 — 26 қазан – 2 қараша;
- WTA Finals қорытынды турнирі — 9–16 қараша.
Алдағы жарыстарда Рыбакинаға өткен маусымда жинаған 2 мыңнан астам рейтинг ұпайын қорғау қажет. Оның ішінде Нинбодағы чемпиондық атағы үшін 500 ұпай, ал WTA Finals турниріндегі жеңісі үшін 1500 ұпай бар.
