Спорт

Дакар-2026: Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылуы өтті

Сурет: ҰоК

Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімі өтті. Бұл Олимпиада Африка құрлығында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жарыстар Дакар, Диамниадио және Сали қалаларында өтеді. Ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек алып шықты. Олар 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары.

Олимпиадаға 2000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан 18 спортшы 11 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жағажай волейболынан алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Аталған Олимпиада 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. 2022 жылы өтуі тиіс болған жарыс коронавирус пандемиясына байланысты 2026 жылға ауыстырылған болатын.

Көп оқылғандар