Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 2026 жылғы Азиада ойындарында жартылай финалға жете алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жапонияда өтіп жатқан жарыста 97 келіге дейінгі салмақта ширек финалда ол жарыс иесі Араш Ёсидаға жол берді. Белдесу жапон балуанының техникалық басымдығымен аяқталып, есеп 11:1 болды.
Бұған дейін Араш Ёсида Айтмұханды Азия чемпионаттарында екі рет және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жеңген еді. Енді Азиада-2026-да да басым түсті. Осылайша, қазақстандық балуан атақты жапон балуанына төртінші рет жеңілді.
Ширек финалдағы жеңілістен кейін Айтмұханның алтын медальға таласу мүмкіндігі қалмады. Енді ол жұбаныш белдесулеріне қатысуы мүмкін, бірақ ол үшін Араш Ёсиданың финалға шығуы қажет. Жапон спортшысы финалға өтсе, Айтмұхан қола медаль үшін күресе алады.
Ризабек Айтмұхан Қазақстан құрамасының еркін күрестегі басты үміттерінің бірі саналған. Ол 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері. Алайда Азиададағы финалға апарар жолы ширек финалда тоқтады.
