Басты тақырып

Үш облыста 8 градусқа дейін үсік жүреді – бүгінгі ауа райы болжамы

Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер болжамына сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклон жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады.

Солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, түнде және таңертең республиканың жекелеген аудандарында тұман түседі.

Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында 1–8 градус үсік болады.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады.

Көп оқылғандар