Басты тақырып

Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Aikyn.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунды елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға жауапты қызметінде табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Көп оқылғандар