Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагояда өткен жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
74 келі салмақта белдескен отандасымыз қола жүлде үшін Үндістан спортшысы Сагар Жагланды 5-0 есебімен айқын жеңді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізді. Бұған дейін волейболшылар Азия ойындарында камбэк жасап, жеңіске жеткен еді.
