Сурет: Instagram.com/krupyakov_eg/
Триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогі кезеңінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасындағы жарыста ол қашықтықты 1 сағат 55 минутта мәреге екінші болып жетті.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин болды. Ол мәреге 1 сағат 54 минут 6 секундта бірінші келді. Қытай спортшысы Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті қорытындылады.
Отандастарымыз Арлан Жаңабай 12-орынға, Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.
Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогі кезеңінде төрт медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
