Жайық news

Шетел азаматы БҚО-да есірткі таратқаны үшін 6 жылға сотталды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 33 жастағы шетел азаматын қолма-қол есірткі салып жатқан кезде ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке тексеру кезінде ер адамнан ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған 12 орама және екі телефон табылып, алынды. Сондай-ақ, қарау барысында тағы 13 орама ұқсас зат анықталып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның есірткі тарататын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

Тиісті сараптама қорытындысы бойынша, алынған зат синтетикалық есірткі болып табылады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Полиция азаматтарды есірткі таратуға байланысты жұмыс ұсыныстарына, оның ішінде интернет пен мессенджерлер арқылы келіспеуге шақырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткінің заңсыз айналымы үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Көп оқылғандар