Қоғам

Қазгидромет: 10-12 қазандағы ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: depositphotos.com

Қазгидромет мамандары осы айдың 10-12 қаралымындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, 10-12 қазанда елдің орталығында, ал 10-11 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр 10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 қазанда солтүстік-батыс пен солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік және оңтүстік-шығыста күтіледі.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады. Ал 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндізгі уақытта ауа температурасы мынадай шекте болады:

  • елдің батысында +22+27°С;
  • солтүстік-батысында +17+25°С;
  • солтүстігінде +13+20°С;
  • орталығында +13+22°С;
  • оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С, ал Түркістан облысында +18+23°С-қа дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығыста ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С.

Сонымен қатар, бүгін, 9 қазан күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіліп отыр.

Көп оқылғандар