Сурет: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекеге әр елден 57 спортшы қатысып, екі күн бойы жүлделер сарапқа салынды. Бірінші күні Данил Васильев 258,4 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Австриялық Якоб Штайнбергер 236,6 ұпаймен күміс, ал поляк Ян Галица 236,3 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Екінші күні де қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті. Илья Мизерных 267,4 ұпаймен жеңімпаз атанса, Данил Васильев 259,8 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды австриялық Якоб Штайнбергер (244,5 ұпай) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Чехиядағы FIS кубогі кезеңін екі алтын және бір күміс медальмен аяқтады. Енді отандық спортшылар 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азиада ойындарына қатысады.
