Спорт

Рыбакина WTA қорытынды турнирінде Гауфф, Пегула және Носковамен ойнайды

Сурет: Әйелдер теннисі қауымдастығы

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңінде америкалық Кори Гауфф, Джессика Пегула және чехиялық Линда Носковамен кездеседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтеді. Бұл туралы Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мәлімдеді.

Рыбакина турнирді Линда Носковаға қарсы матчпен бастайды. WTA кестесіне сәйкес, кездесу 9 қараша күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Бұған дейін қазақстандық теннисші чехиялық қарсыласымен үш рет ойнап, барлығында жеңіске жеткен. Турнирді Setanta Sports платформасында ақылы жазылым арқылы онлайн көруге болады.

Екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова енді. Топтық кезеңде әр қатысушы үш матч өткізеді, ал әр топтан үздік екі теннисші жартылай финалға шығады.

Елена Рыбакина турнирдің қазіргі чемпионы ретінде титулын қорғауға кіріседі. 2025 жылы ол Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің финалында Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.

Бұған дейін Рыбакинаның WTA рейтингінде көш бастап тұрғаны хабарланған еді.

Көп оқылғандар