Қоғам

ҰҚК шекарашылары Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні заңсыз әкетудің жолын кесті

Сурет: видеодан алынған кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарларды елден заңсыз шығаруға қарсы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті.

«Қазақстан азаматы ұсталды. Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін. Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды», делінген хабарламада.

Бұған дейін, екі жыл бұрын үш айға созылған «Сұңқар» акциясы аясында еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы таулы өңірлерде мекендейтін ақсұңқар, ителгі, лашын тәрізді сирек құстарды заңсыз аулауға қарсы күрес күшейтілгені туралы хабарланған болатын.

Көп оқылғандар