Қоғам

Шетелдік көліктерге Euro-5 және бес жылдық шектеу енгізіледі

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда жеке тұлғалардың өз қажетіне шетелден әкелетін көліктеріне қосымша талап қойылады. Елге кіргізілетін көліктердің шығарылғанына бес жылдан аспауы және экологиялық класы Euro-5 стандартына сәйкес болуы талап етіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа шарттарды Көлік министрлігі енгізіп отыр. Олар жеңіл автокөліктерге, мотоциклдер мен мопедтерге, 12 адамға дейін тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі кейбір жүк машиналарына қатысты болмақ. Сонымен қатар ереже квадроциклдерге, қарда жүретін көліктерге және жолсыз жерлерде жүруге арналған өзге де мотокөлік құралдарына қолданылады.

Көлік министрінің міндетін атқарушының тиісті бұйрығы 2026 жылғы желтоқсан айының соңында күшіне енеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалғанын еске саламыз.

Көп оқылғандар