Әлем

Медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Сурет: ашық дереккөз

Стокгольмде физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ азаматы Карл Дейсерот пен Германия ғалымдары Петер Хегеман мен Георг Нагель «жарықпен басқарылатын иондық арналар мен оптогенетикаға қатысты жаңалықтары» үшін марапатталды.

2025 жылы бұл сыйлық Мэри Э.Брунковке, Фредерик Рамсделл мен Шимон Сакагучиге перифериялық иммундық толеранттылыққа қатысты зерттеулері үшін берілген болатын.

2024 жылы америкалық ғалымдар Виктор Амброс пен Гэри Равкан микроРНҚ-ны ашқаны және оның ген экспрессиясын транскрипциядан кейінгі реттеудегі рөлін зерттегені үшін лауреат атанды.

2023 жылы Пенсильвания университетінің ғалымдары Дрю Вайсман мен Каталин Карикоға табыс етілген сыйлық коронавирусқа қарсы мРНҚ вакциналарын әзірлеуге септігін тигізді.

2022 жылы швед биологы Сванте Паабо жойылып кеткен гоминидтердің геномдары мен адамның эволюциясы саласындағы жаңалықтары үшін марапатталған еді.

Ертең, 6 қазанда, физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланады. 7 қазанда – химия, 8 қазанда – әдебиет саласының иегерлері белгілі болады.

9 қазанда Ослода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталады. Ал 12 қазанда Швеция Банкі 1968 жылы тағайындаған Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика саласындағы сыйлықтың иегері жарияланады.

Көп оқылғандар