Спорт

ХОК 2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге ниетті 7 елдің тізімін растады

Сурет: Халықаралық Олимпиада комитеті

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге қызығушылық танытқан жеті елдің тізімін бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тізімде Германия, Венгрия, Үндістан, Катар, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы және Түркия бар. Бұл тізім ХОК-тің 6 қазанда жариялаған бастапқы тізімімен салыстырғанда өзгерген жоқ. 31 қазанға дейінгі соңғы мерзімге дейін басқа ұлттық олимпиадалық комитеттер қызығушылық білдірген жоқ.

«Бұл Олимпиада ойындары «Болашаққа дайындық» бағдарламасына енгізілген өзгерістер аясында таңдалатын алғашқы ойындар болмақ», деді ХОК мүшесі әрі Олимпиада ойындарын өткізуге арналған болашақ алаңды таңдау жөніндегі комиссияның төрағасы Колинда Грабар-Китарович.

Оның айтуынша, 2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге деген жоғары қызығушылық әлем елдерінің Олимпиада ойындарының жергілікті қауымдастықтар үшін ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық маңызын мойындайтынын көрсетеді.

Грабар-Китарович ХОК жарыстарды өткізуге қатысты ұсыныстарын әзірлеу барысында қызығушылық танытқан жеті тараптың барлығымен ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ Олимпиада және Паралимпиада ойындарының эмблемалары таныстырылды.

Көп оқылғандар