Спорт

Қазақстандық конкуршы Азиада-2026-да үздік 20 қатарында

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның конкурдан ұлттық құрамасы Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарындағы өнерін тәмамдады. Жекелей финалда Олег Соколенко Cinderella атты тұлпарымен 14-орынға тұрақтап, құрлықтың үздік 20 спортшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан конкурдан Азиадаға соңғы рет 2006 жылы қатысқан болатын. Осылайша, ұлттық құраманың 20 жылдан кейін құрлықтық додаға қайта оралуы маңызды нәтижемен белгіленді.

Азиадаға дайындық барысында спортшылар мен аттарды дайындау, оқу-жаттығу жиындары, халықаралық жарыстарға қатысу, ветеринариялық қызмет және логистикалық жұмыстар жүргізілді.

Олег Соколенконың 14-орны команда үшін халықаралық тәжірибе жинап, Азияның мықты спортшыларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік берді.

Ұлттық құраманың келесі жарысы 28 қазан – 1 қараша аралығында Астанада өтеді. Елордада FEI World Cup Eurasian League аясындағы халықаралық турнир ұйымдастырылады.

Көп оқылғандар