Спорт

Дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде әлем чемпионатының алтынына таласады

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан Шерзод Давлатов жартылай финалда 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы ұтты. Енді ол әлем чемпионатының алтын медалі үшін күрес жүргізеді.

Айта кетейік, биыл тамызда Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты да өткен болатын.

Көп оқылғандар