Сурет: ашық дереккөз
Непалда Эверест тауының маңындағы Периче ауылында қону кезінде екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Kathmandu Post басылымының мәліметінше, екі тікұшақтың ұшқыштары да жеңіл жарақат алып, емделу үшін Катмандуға жеткізілген.
Полицияның дерегінше, қаза тапқан Үндістан азаматының денесі Лукла қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Соқтығыс сәтінде тікұшақтар бортында қанша жолаушы болғаны әзірге белгісіз. Полиция қазір оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жинап жатыр.
Бұған дейін Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, бортында 6 адам болғаны хабарланған.
Мазмұнға өту
