Сурет: Egemen Qazaqstan
Еуропаның бірнеше еліндегі супермаркеттердің салқындату жүйелеріне хакерлер шабуыл жасап, тоңазытқыштардағы температураны жоғарылатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бельгия, Швеция және Люксембургтегі ондаған дүкен осы шабуылдардан зардап шекті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары осылай деп хабарлады.
Кибершабуылға Delhaize, Spar, Carrefour, ICA және Coop сауда желілерінің дүкендері ұшырады.
Эстонияда хакерлер бір дүкеннің салқындату жүйесін бұзып, температураны 50 градусқа дейін көтерді. Мамандар жүйені қысқа уақытта қайта бақылауға алып, ықтимал шығынның алдын алды.
Ұқсас жағдай қазан айында Францияда да тіркелді. Аталған кибершабуылдардың өзара байланысы әзірге расталған жоқ.
Мазмұнға өту
