Спорт

Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының финалына шықты

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүр. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қырғызстан өкілі Абдурахман Муртазалиевті ұтты.

Финалда Мерей Қабдуллаевтың қарсыласы Сауд Арабия өкілі Абдулла Тарик Нада болады.

Көп оқылғандар