Сурет: olympic.kz
Дзюдошы Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық белдесуде ол Португалия спортшысы София Гаспармен кездесіп, иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық кездесу 2 минут 33 секундқа созылды.
Осылайша Сұпығалиева Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Бұған дейін тамыз айында Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Фатима Сұпығалиева қарсыластарын тізе бүктіріп, чемпион атанған еді.
Мазмұнға өту
