Сурет: ТЖМ
Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері толық сөндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатындағы ателье бөлмесінде тұтанған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқарушылар үш буынды саты мен автосатыны пайдаланып, жоғарғы қабаттардан 17 адамды, соның ішінде 4 баланы аман алып шықты.
