Спорт

Қазақстан садақшылары Азия кубогінде 10 медаль жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогі аяқталып, Қазақстан құрамасы 10 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жекелей сында Павел Кузнецов алтын, Никита Ивлев күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында Милана Бурлева күміс жүлдегер атанды. Классикалық садақ атудан Александра Землянова қола медаль алды.

Командалық сайыста ерлер құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы болса, әйелдер командасы күміс медальға қол жеткізді. Аралас командалық бәсекеде отандық спортшылар топ жарды. Классикалық садақ атудан ерлер мен әйелдер құрамасы күміс жүлде алса, аралас командалық сында қола медаль еншіледі.

Көп оқылғандар